Қоғам
Әйелді итеріп жіберген Амантай қажы қамауға алынуы мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 тамыз, 2025
- 296
Амантай қажының үстінен іс қозғалды.
Баспалдақтан бөтен әйелді итеріп жіберген қоғам белсендісі, 83 жастағы Амантай қажы қамауға алынуы мүмкін. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ақсақал енді екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полицияның мәліметінше, ҚК-нің 107—бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Алматы полиция департаменті аталған жағдайға қатысты Tengrinews.kz-ге пікір білдірді.
«Дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу іс — шаралары кешенінің нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады», — делінген Алматы ПД жауабында.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Түркістан облысында атыс болып, 17 жастағы жасөспірім қаза тапты
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2025
Қоғам
Жаңа жылда ет бағасы өсе ме?: Ауыл шаруашылығы министрі жауап берді
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2025




