Ақтауда дәретхана еденінде балалар ұйықтап жатыр: отбасы туралы мәлімет пайда болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 тамыз, 2025
- 842
Ақтауда 15-шағынаудандағы жағалауда орналасқан қоғамдық әжетхана бөлмесінің еденінде балалар ұйықтап жатқан. Ал кассир әйел мас күйде қызмет көрсеткен. Бұл жағдайды көрген тұрғын шағымын жеткізген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұдан кейін көп уақыт өтпей әкімдік қызметкерлері отбасының тұрмыс жағдайын тексеруге шыққан.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 4 тамызда мамандар оқиға орнына барғанын мәлімдеді. Олар дәретханада жүрген отбасының бірнеше жылдан бері мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар аясында көмек алып келе жатқанын анықтаған.
“Балалардың анасы – жалғызбасты. Жетім ретінде кезекте тұрып, мемлекеттен баспана алған. Отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Әжесі – дәл сол қоғамдық дәретханада ресми түрде кассир болып жұмыс істейді. Анасы бірнеше күн бұрын балаларын әжесіне қалдырғаны белгілі болды”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, мамандар балалардың анасы тіркелген үйге барып, жағдаймен танысқан. Ол үйдегі жағдай адам төзгісіз. Санитарлық талап сақталмаған, есіктері сынған. Балалар бұл кезде тәтесінің үйінде болған. Айтатын тағы бір жағдай, тәтесі де жетім ретінде мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алған.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында атыс болып, 17 жастағы жасөспірім қаза тапты
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2025
Жаңа жылда ет бағасы өсе ме?: Ауыл шаруашылығы министрі жауап берді
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2025




