“Жалаңаш билегендерден емес, “халифат құрамыз” дегендерден қорқу керек!”: Айгүл Орынбек
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 тамыз, 2025
- 1.4k

Заңгер Айгүл Орынбек Дженнифер Лопестің концертін сынағандарға жауап берді. Ол жалған намысты қойып, шын мәселемен айналысуға шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазды. Заңгер ұлттың бұзылуы Дженифер Лопестің концертіне қатысы жоқ екенін айтты.
“Дженнифер Лопес келгенде елдің бұзылып жатқаны енді естеріңе түскені қалай?
Жалаңаш билегендерден емес, рухани жалаңаштанып, милары уланған, “халифат құрамыз” деп лағып жүргендерден қорқу керек!
Кешеден бері бәрінің жоқ жерден патриоттықтары ұстап, беттерін шымшып, намыстары оянып кеткені нес?!
Қыздарың Сирияда “секс-джихадқа” кетіп жатқанда, дәл осылай намыстанып, неге шу шығармадыңдар ?
Қаңтар оқиғасынан кейін кофелетіп, әтірлетіп Түркия асып кеткен Мұхамеджан ағамызға дейін “ұлт намысы” оянып кетіп сайрап кетіпті!", - деп жазды ол.
Айтуынша, адамдар жалаңаштанған денені TikTok пен Instagram-нан да қарап отыр.
"Әркім өз миы мен көзінің деңгейіне сай көреді — Біреу бұт көреді, біреу өнер көреді.
Кімнің неге көзі түскені — өзінің ішкі мәдениетіне байланысты.
Сендер осы күнде теледидар көрмейсіңдер ау деймін, TikTok пен Instagram-нан бұдан да сорақы “бұттар” мен “булдыз” қыздарды көріп отырмыз. Бұзылатын қыз Дженифердің бұтынсыз ақ бұзылып жатыр. Оны бұзып жатқан өзіміздің ер азаматтар. Бір күндік некемен қанша қыз қорланып, бес баласын бес еркектен туған қыздарды осы Дженефердің төтені бұзыппа?", - деп жазды қоғам белсендісі.
Сонымен қатар заңгер өзін ұлы Абайдың туған күнін тойлауға емес, шетелдік әншінің концертіне барғаны үшін кінәлағанларға жауап берді.
Біреулер “Абайдың туған күні көлеңкеде қалды” деп күйініп жатыр екен… Сонда Абайды құрметтеу тек туған күнінде ғана еске түсетін болғаны ма?! Абайдың сөзін күнделікті өміріңе арқау еттің бе, балаларыңа оқытып жүрсің бе,
әуелі соны өзіңе сұрақ қылып қой!
Семейге барып, жарнама жасап, мерекелік іс-шара ұйымдастыруға кім кедергі жасап жатыр?!
Жоқ, ешкім қой демейді. Тек бір концерттің тасасына тығыла салатын “құрметтің” қажеті жоқ! Дамыған ел болғыларың келе ме? Онда әлемдік жұлдыздарды да қабылдап үйреніңдер!
Дженнифер Лопес келіп бұтын көрсетіп билегеннен ұлт бұзылмайды!
Ұлтты құртатын — екіжүзділік пен жасанды “руханият”.
Бәріңнің қолдарың бос екен, мемлекеттің желініп жатқан миллиардттарын іздеңдер!
Дженифер Лопес келгенде оянатын жалған намыспен ел болмаймыз!”, — деп жазды заңгер.