Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қызымның үстінде ересек адамдар сияқты жатты»: Балқашта ер адам 8 жасар баланы не себепті аяусыз соққыға жыққанын айтты

«Қызымның үстінде ересек адамдар сияқты жатты»: Балқашта ер адам 8 жасар баланы не себепті аяусыз соққыға жыққанын айтты
Сурет: telegram/ за нами уже выехали
Ер адам 8 жасар баланың өзінің қызына сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деп айыптады.

Балқашта ер адам 8 жасар баланы соққыға жықты деген күдікке ілінді. Бұл оқиғаға қатысты ол өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қарағанды облыстық полиция департаменті, күдікті ер адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

“За нами уже выехали” Telegram арнасында ер адамның айтуынша, 8 жасар бала оның 4 жасар қызын шешіндіріп, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған.

Сол күні балаларды тамақтандырған соң үстел үстін жинап жүрген. Ал балалар бірге планшет қарап отырған. 10-15 минут өткен соң балалар отырған бөлменің жанынан өтіп бара жатып, 4 жасар қызының жалаңаш жатқанын байқап қалады. Ал бала шалбарын түсіріп тастаған. 

“Ол қызымның үстінде дәл ересек адамдар сияқты жатты. Мен жүгіріп барып: "Не істеп жатырсың?" дедім. Қызымды қарап жатқанда, ол тұрып, тез киініп үлгерді. Сол сәттен кейін істегенімді білмеймін. Кейін әйелім келді, оған телефон соғып үлгердім”, – дейді ер адам. 

Алайда ол полицияға арыз жазбаған. Өйткені «ұят болады» деп ойлаған. Тіпті қызын гинеколог дәрігеріне көрсеткен кезде де, әткеншектен құлады деп өтірік айтқан. Алмас баланың емдомына көмектесетінін айтып, шу шығармауға тырысыпты. Бірақ барлығы белгілі болған соң ол да өз нұсқасын айтуды жөн көрген.

Айта кетсек, осыған дейін Балқашта ер адамның 8 жасар баланы азаптап, денесіне зақым келтіргені туралы ақпарат тараған болатын. Бұл туралы жәбірленуші баланың анасы Мадина Маратқызы желіде мәлімдеді. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар