Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот басталды

Шымкентте Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот басталды
Сурет: ашық дереккөздерден
Руслан Берденовке жасалған қастандық: сот ашық түрде өтіп жатыр.

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша басты сот отырысы басталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот ашық өтіп жатыр. Журналистерді сот залына бірден кіргізбеді.

Отырыс басталар алдында залға екі мемлекеттік айыптаушы, айыпталушының жұбайы, әкім орынбасары Руслан Берденовтің өкілі және олардың қорғаушылары кірді.

Айыпталушыны сот ғимаратына полицияның арнайы автокөлігімен жеткізді.

Еске салсақ, шілденің 28-і күні Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өткен болатын. Сол отырысқа Руслан Берденовтің өзі қатыспаған. Оның өкілі сотқа әкім орынбасарының қазіргі кезде емделіп жатқанын хабарлаған. Сот Берденовке басты сот процесіне міндетті түрде қатысу туралы талап қойды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар