«Берденов өзіне қастандық жасауды қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тапсырма бергенін айтуымды өтінді»: күдікті сотта мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 тамыз, 2025
- 667
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиенбай сотта мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сотта жауап беру кезінде жәбірленуші Берденов одан қазіргі қала әкімі Ғабит Сыздыкбековті оған тапсырыс беруші ретінде көрсетуін талап еткен.
"Берденов маған өзіне қастандық жасау туралы тапсырманы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аппарат басшысы бергенін айтуымды өтінді. Ол мені өзі құқарып алатынын айтты", – деді Ернар Жиенбай.
Ол бұл іске қала әкімінің еш қатысы жоқ екенін айтты.
Еске салсақ, Берденовке қастандық 21 сәуір кешке жасалған болатын. Шымкентте қала әкімінің орынбасары шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Оған оқ атқан адам Шымкент әкімдігіне қарасты серіктестік қызметкері екені анықталды.
Ұқсас жаңалықтар
«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Мәжілістің төртінші сессиясының қорытынды жалпы отырысы өтті
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 маусым, 2026




