Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыдағы ботаникалық баққа келген ер адам аққуды қылқындырып, қатігездік танытқан (ВИДЕО)

Алматыдағы ботаникалық баққа келген ер адам аққуды қылқындырып, қатігездік танытқан (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Алматыда ботаникалық бақта ер адамның аққуға деген қатігездігі жұрттығ ашуын туғызды.

Алматыда ботаникалық бақшада екі ер адам сол жердегі аққуларды ұстамақ болып, мойынан қылқындырған. Сол сәтті видеоға түсіріп алған куәгерлер оны TikTok желісеіне жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бейнежазбада ер адамның аққудың мойынан ұстап, өзіне қарай тартып жатқаны көрінеді.

«5 тамызда Алматы ботаникалық бағында аққуларға екі ер адам қатыгездік көрсетті. Біз оларға ескерту жасадық, бірақ өзімізге бейәдеп сөздер айтты», - автор жазбасында.

Бақтың баспасөз қызметі ішкі тексеріс басталғанын және полициямен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қазір құқық бұзушыларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ботаникалық бақ әкімшілігі тұрғындарды табиғатқа құрметпен қарауға, әсіресе, сирек кездесетін жануарлар мекендейтін қорғалатын аймақтарда жануарларға ұқыпты болуға шақырды.


Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар