Қоғам
Алматы облысында ер адам пойыз астына түсіп қаза тапты
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 тамыз, 2025
- 387
Алматы облысында пойыз жолында оқыс оқиға орын алды.
Алматы облысында пойыз жолына шығып кеткен ер адам қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға Алматы облысындағы Қарабұлақ – Тентек станцияларында болған. Ер адам пойыз жолына шығып кеткен. Машинист та пойызды дер кезінде тоқтатып үлгермеген.
«6 тамызда сағат 19-52-де Қарабұлақ – Тентек аралығында машинист бөгде адамның темір жолға кенеттен шыға келуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Қашықтықтың қысқа болуына байланысты адам қағудың алдын алу мүмкін болмады», –делінген хабарламада.
«Қазақстан темір жолы» компаниясы темір жолға жақын жерде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
"Мені балам өлтірмекші": Түркістан облысында қария ұлынан қорлық көргенін айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 23 желтоқсан, 2025
Қоғам
Алматыда оқушысын өлтірмек болған 18 жастағы студентке қатысты жаңа мәлімет шықты
- авторТомирис Тоныкөк
- 23 желтоқсан, 2025




