Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында жоғалған тікұшақ: ТЖМ Сорбұлақ көлінің жартысы тексеріліп біткенін мәлімдеді

Алматы облысында жоғалған тікұшақ: ТЖМ Сорбұлақ көлінің жартысы тексеріліп біткенін мәлімдеді
Сурет: Қорғаныс министрлігі
Алматы облысында құлаған тікұшақты іздестіру жұмысытары әлі де жалғасуда.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Алматы облысында құлаған тікұшақтың экипаждарын іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайлы KYN.KZ ақпарат агенттігі.

7 шілдеде үкіметте өткен баспасөз конференциясында вице-министр "Тікұшақ Сорбұлақтан басқа жерге құлауы мүмкін бе?" деген сұраққа жауап берді.

"25 шілдеде Алматы облысында тікұшақ жоғалды деген хабар алған бойда жедел-іздестіру жұмыстарын бастап кеттік. Бізге берген бағыттар бойынша тексердік. Ғарыштан түсірілген суреттерден тікұшақтың ізін көріп, Сорбұлақ көлінің шетіне жақын маңнан тікұшақтың сынықтарын таптық. Өкінішке қарай, 10 күннен асты. Қазірге дейін Сорбұлақ көлінің жартысын тексердік. Іздестіру жұмыстары қорғаныс министрлігінің басқаруымен жүргізіліп жатыр, біз күш-құралдарымызды бердік. Қазір іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", – деп мәлімдеді Кеген Тұрсынбаев. 

Тікұшақтың сынықтары көлік прокуратурасына тапсырылған. 

Еске салсақ, 25 шілдеде Алматы облысында әскери тікұшақтың жоғалып кеткені туралы ақпарат шыққан болатын. Тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Әзірге жоғалған тікұшақ экипажы табылған жоқ. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар