Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанадағы автобус апаты: жүргізушіге қатысты іс тоқтатылды

Астанадағы автобус апаты: жүргізушіге қатысты іс тоқтатылды
Сурет: ашық дереккөздерден
Астанадағы автобус апатына байланысты жүргізушіге қатысты іс рақымшылық заңына сәйкес тоқтатылды.

Астанадағы автобус апатына қатысты жүргізушінің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

«Жол қозғалысы ережесін бұзып, денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соққан оқиға бойынша қылмыстық іс материалы мен сараптама қорытындысы автобус жүргізушісінің кінәсін растады. Қазақстан Республикасының «Рақымшылық туралы» заңына сәйкес, күдікті тарапынан қылмыстық қудалауды тоқтату туралы өтініш келіп түсті», - делінген Астана полициясы таратқан ақпаратта.

Бірақ іс тоқтатылғанымен, айыпталушы қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып есептеледі. 

Еске салсақ, 2 маусым күні Астанадағы Республика даңғылында автобус ақпараттық тақта тіреуіне соғылған болатын. Салдарынан 15 жолаушы зардап шегіп, үшеуі ауыр хәлде ауруханаға түсті. Ауыр жарақат алған 8 жасар қыз екі аяғынан айырылған. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар