Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Шаңды дауыл, аптап ыстық”: 8 тамызға арналған ауа райы болжамы

“Шаңды дауыл, аптап ыстық”: 8 тамызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: 24tv.ua/ru
Елміздің біраз облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

«Қазгидромет» синоптиктері 8 тамызға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Астана мен 15 облыста найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі.

Астана қаласында найзағай ойнап, жел соғады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында – күн күркіреп, бұршақ жауып, тұман мен қатты жел болуы мүмкін. Осы өңірлерде де өрт қаупі жоғары деңгейде.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында күндіз найзағай, бұршақ, кей жерлерде дауыл болады. Ұлытауда +35...+36°C ыстық, ал Жезқазғанда қатты ыстықпен қатар жел де күшейеді. Семеймен Өскеменде де қатты жел мен найзағай күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда жәнеТүркістан облыстарында аптап ыстық +36…+41°C-қа дейін көтеріледі. Бұл аймақтарда өрт қауіпі ерекше жоғары. Кызылордада шаңды дауыл болуы мүмкін. Шымкент, Түркістан, Ақтау мен Атырауда да ауа райы өте қолайсыз болмақ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар