Жер сілкінісі Қырғызстан аумағында орын алған.
Алматыдан 35 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, 7 тамыз күні сағат 19:03-те (Астана уақытымен) магнитудасы 3,1 жер асты дүмпулері тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматының оңтүстігіне қарай 35 шақырым жерде орналасқан.
Қырғызстандағы елді мекендердің тұрғындары жер сілкінісін сезбеген.
Еске салсақ, 5 тамыз кешке Шымкент пен Қазақстанның екі облысында жер сілкінісі болды. Оның ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 408 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,9-ға жетті.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Тоқаев Қазақстанда 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
- авторkyn.kz
- 24 қыркүйек, 2026
Қоғам
Қызметтерді цифрландырудан бастап технологияларды экспорттауға дейін
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 қыркүйек, 2026




