Астанада мүгедек баланы алты ер адам жабыла зорлаған (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 тамыз, 2025
- 375
Астаналық әйел екінші топтағы мүгедектігі бар ұлын алты ер адамның бірнеше рет зорлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл оқиғаға төрт ай өтсе де, күдіктілер бостандықта жүр.
Айтуынша, күдікті оның мүгедек ұлымен онлайн ойын арқылы танысқан. Үйіне бірнеше мәрте үйіне шақырып, кейін алты ер адам болып, баланы зорлаған. Сараптама баланың зорланғанын растаса да, полиция күдіктілерді қамауға алмаған.
Бұл оқиғадан кейін бала ауырып қалған. Оған дәрігерлер эпилепсия диагнозын қойған. Бұдан инсульт алған әйел тергеудің созылып кеткеніне наразы.
Azattyq Rýhy осы факті бойынша Астана қаласының полиция департаментінен түсініктеме сұратты.
«Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Соның аясында бірқатар сот сараптамасы жасалып, қорытындысы негізінде процессуалды шешім қабылданады. Барлық тергеу әрекеті қылмыстық процесске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып жүзеге асады», - деп жауап берді ПД.
Полиция тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпаратты жария етпеді.
Түнде шаңсорғыш қосып, үй жинасаңыз айыппұл төлейсіз
Ұқсас жаңалықтар
"Мені балам өлтірмекші": Түркістан облысында қария ұлынан қорлық көргенін айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 23 желтоқсан, 2025
Алматыда оқушысын өлтірмек болған 18 жастағы студентке қатысты жаңа мәлімет шықты
- авторТомирис Тоныкөк
- 23 желтоқсан, 2025




