Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өз жұртының табалдырығын аттады»: Димаш Құдайбергеннің анасы қызының тойы туралы айтты

«Өз жұртының табалдырығын аттады»: Димаш Құдайбергеннің анасы қызының тойы туралы айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Света Айтбаева қызы Раушанға ақ тілегін білдірген жамағатқа алғысын айтты.

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева қызының ұзату тойы туралы ерекше жазба қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Света Айтбаева әлеуметтік желіде тұрмысқа шыққан қызы Раушанға бақыт тілегендерге алғысын айтты.

«Ардақты ағайын! Бірнеше күннен бері сіздердің ақжарма тілектеріңізді оқып, қуанып отырмыз. Біздің отбасымызға деген ілтипаттарыңыз , ықылас - пейілдеріңіз үшін айтар алғысымыз шексіз! Баршаңыздың амандықтарыңызды тілейміз!

Екі бауырының ортасында еркелеп өскен Раушантайымыздың да ұясынан ұшар сәті жетіпті. Ата-Әжесінің мейіріміне шомылып бой жеткен, Әкесінің қызғалдағы бүгін өз жұртының табалдырығын аттады , қадамы құтты болғай!
"Қыз -  қонақ" дегеннің растығына бүгін көзіміз жеткендей . Күні кеше дүниеге келген балапанымыз қанатын қағып , үлкен өмірге құлашын жайып аттанды. 4 ай бұрын құда түсіп, сырға салған қызымызды сән-салтанатымен , ата салттан асып кетпей , әжелерінің ақылымен, міне , енді ғана  ұзаттық . Жолы болғай дейміз!Көпшілігіңіз тойдың үзінділерін әлеуметтік желі арқылы көріп , оң пікір айтып жатырсыздар , сұрақтар да қойылып жатыр , көп рахмет!  Тойдағы көңілдеріңізге ұнаған сәттер туралы кейінірек толық айтып беруге тырысамын. Жақсылықпен жолығайық!», - деп жазды ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар