Алматыда Дженифер Лопестің концертіне байланысты кейбір көшелер жабылады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:44
- 171

Алматыда 10 тамыз Дженифер Лопестің концертінің өтуіне байланысты көлік қозғалысына өзгерістер енеді. Кейбір көшелер жабылады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция орталық стадион маңындағы жолдардың қалай жабылатынын көрсетіп, сызба жариялады.
Сағат 16:00-ден бастап Байтұрсынов көшесі – Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін көлік қозғалысына тыйым салынады. Сондай-ақ, Сәтпаев көшесі – Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін, Абай даңғылы – Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін жабылады.
Стадион сағат 15:00-ден бастап ашылады.
Концертке тек QR-коды бар билеттермен кіруге болады. Бір билетпен бір адам ғана кіреді. VIP Standing, Fan zone және Dance floor аймақтарына 16 жастан бастап рұқсат етіледі. 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар тек ересек адаммен бірге және орындарға арналған билеті болған жағдайда ғана кіре алады.