Саясат
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Дархан Ділманов бостандыққа шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 тамыз, 2025
- 876
Бірнеше жылға бұрын сотталған ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы түрмеден шықты.
ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов бостандыққа шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі мәліметінше, Дархан Ділманов сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеген.
"Сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтеуіне байланысты босатылды", - деп жазылған ІІМ ҚАЖК жауабында.
Еске салсақ, 2022 жылы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшысы ұсталған болатын.
2023 жылы қыста Дархан Ділманов билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталғаны белгілі болды. Сот оған мүлкін тәркілеп, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев Алматыда БҰҰ университетінің филиалын құруды ұсынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2025
Саясат
«Қош келдіңі»: Тоқаевты Токио губернаторы қазақ тілінде қарсы алды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2025




