Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Видеоларды желіде таратамын деді”: Түркістан облысында ер адам 17 жастағы қызды бір жыл бойы зорлаған

“Видеоларды желіде таратамын деді”: Түркістан облысында ер адам 17 жастағы қызды бір жыл бойы зорлаған
Сурет: tvspb.ru
Ер адам бойжеткенге көлік үйретемін деген желеумен бір жыл бойы зорлап келген.

Түркістан облысының Мақтарал ауданында ер адам 17 жастағы қызды бір жыл бойы зорлап келген, деп хабарлайды KYN.KZ  ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап.

Жәбірленуші қыздың айтуынша, барлығы 2024 жылдың тамыз айында күдіктінің көлік жүргузіді үйретемін деген ұсынысынан басталған. 

“Ол кісі маған бір жерге кіріп ақша алып шығуым керек деді. Мен келістім. Бес минуттан кейін келіп, көліктің есіктерін құлыптап, мені зорлады. Барлығын телефонына түсіріп алды. Кейін сол видеоларды әлеуметтік желіде таратамын деп қорқытты”, – дейді жәбірленуші. 

Қыздың айтуынша, ер адам отбасының танысы болған. Араға уақыт салып күдікті жәбірленуші қызды басқа еркектермен де жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген көрінеді. Бұған шыдай алмаған қыз өзіне қол салуға да ұмтылған. 

Қыздарының өзіне қол салмақ болғанын көрген ата-ана осыдан кейін ғана оқиғаның мән-жайын білген. Ата-ана дереу полицияға арызданған. 

Полиция департаменті ақпаратты растап, “зорлау” бабымен қылмыстық іс қозғалағынын мәлімдеді. Іс болйынша қанша күдікті бар екені әзірге белгісіз. Полиция істің сотқа жолданғанын мәлімдеді. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар