Алматы облысында тікұшақ жоғалды: ұшақ бөлшектері мен бір адамның мәйіті табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 тамыз, 2025
- 63

Сорбұлақта жоғалған ұшақтың бөлшектері мен бір адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта сәйкестендіру процедурасы жүргізілуде, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігі, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың бірлескен жұмысы аясында, ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің қолдауымен спутниктік деректерді пайдалана отырып, математикалық есептеулер жүргізілді.
Сорбұлаққа жедел түрде іздеу топтары мен арнайы техника жөнелтілді. Су астындағы жұмыстары кезінде ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері шамамен 14 метр тереңдікте әуе кемесінің ішінара сынықтары мен бір адамның мәйітін анықтады.
Судың лайлы болуына байланысты іздеу жұмыстары күрделене түсуде, бұл сүңгуірлер мен инженерлік бөлімшелердің жұмысын айтарлықтай баяулатады. Қиын жағдайға қарамастан, жұмылдырылған барлық күштер операцияны мүмкіндігінше тез аяқтау үшін үйлесімді әрі мақсатты түрде әрекет етуде.