Қоғам
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: екінші адамның денесі табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 тамыз, 2025
- 937
Алматы облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың екінші ұшқышының мәйіті судан шығарылды.
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты болған жерден екінші адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару іс-шаралары кезінде екінші адамның денесі табылып, судан шығарылды.
Қазіргі уақытта денені анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр.
«Іздеу жұмыстары Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың барлық қажетті күш-құралдарын жұмылдыра отырып, тәулік бойы іске асырылуда», - деп атап өтті ведомстводан.
Еске салсақ, 9 тамызда Сорбұлақтағы жоғалған тікұшақ бөлшектері мен бір адамның мәйіті табылғаны туралы жазған едік.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Щучинскідегі дәмханадағы жарылыс: кафе иесі жеті жылға сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 7 қыркүйек, 2026
Қоғам
«Облыстық ата-аналар жиналысы: балалар қауіпсіздігі туралы ашық диалог»
- авторkyn.kz
- 4 қыркүйек, 2026




