Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Семей қаласы әкімдігіне тұрғындар өңірге қатысты мәселелерді айтып келді

Семей қаласы әкімдігіне тұрғындар өңірге қатысты мәселелерді айтып келді
kyn.kz
Онда халықтың дұрыс, ыңғайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Азаматтарды қабылдау орталығында Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға бөлім басшылары қатысты. Онда жер, су, тұрғын үй, жарық сынды мәселелер мен оларды шешудің жолдары қарастырылды.

Қабылдауда жарықтандыру, тұрғындар жылу, тұрғын үй кезегі, жер, жол жөндеу, ауызсумен қамту, аула абаттандыру, шипажай жағдайы сынды мәселелерді қозғады.

Әр аудандағы халықтың жайлы өміріне мәселе туындатып отырған жағдайлар талқыланды. Бекжан Бапышев тұрғындармен сөйлесіп, жағдайға кеңінен үңілді. Азаматтар алдымен жол, тоқ, жарық, медициналық мәселелер барын айтқан.  Бапышев оларды қалай тиімді жасаудың жолдарын бөлім басшыларымен талқылай отырып, шешудің жолдарын атады.

Бекжан Бапышев тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Еске сала кетейік, жеке қабылдауға жазылу үшін Семей қаласы әкімдігінің ғимаратына келіп (Мәңгілік Ел көшесі, 4-үй), 107 кабинетке жазбаша өтініш қалдыру қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін: 52-35-08.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар