Мамандар түнде жатып, кеш тұратын жасөспірімдердің мінезінде қандай өзгерістер болатынын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 тамыз, 2025
- 248

Жақында жүргізілген зерттеулерге сәйкес, түнгі уақытта ұйықтамайтын жасөспірімдердің мінезі қызба, ашуға бейім келетіні айтылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Аlmaty.tv. сайтына сілтеме жасап.
Питтсбург университетінің клиникалық психология докторанты Рия Мирчандани жетекшілік еткен зерттеуде 210 жасөспірімнің ұйықтау әдеті мен қызба мінезі талданды. Қатысушылар арнайы сауалнама толтырып, мелатонин деңгейін анықтау үшін сілекей үлгісін тапсырды және бір апта бойы ұйқы режимін бақылайтын білезік құрылғысын тақты.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, әрдайым кеш жатып, кеш тұратын жасөспірімдер жағымсыз эмоциялық сәттерде ашуға тез бой алдыратынын және қиын тапсырмалардан бас тартуға бейім келетіні анықталған. Мұндай мінез-құлық алкоголь мен басқа да зиянды заттарды тұтынуға әкеп соқтыруы мүмкін.
"Бір таңқаларлығы, мелатонин деңгейі мен ашушаңдық арасында айтарлықтай байланыс табылмады. Бұл нәтиже мінездің қызбалығы мен ұйқыға деген бейімділікке әсер ететін басқа психологиялық немесе мінез-құлық факторларының бар екенін көрсетеді", - дейді зерттеуші.
Ғалымдар ата-аналарға жасөспірімдердің ұйқы режимін қалыпқа келтіруге көмектесуді ұсынады. Бұл олардың эмоционалды тұрақтылығын арттырып, импульсивті әрекеттердің алдын алуға септігін тигізуі мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
Тұмауға қарсы вакцинацияның не себепті кеш басталатыны айтылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2025
Қазақстандық БЖЗҚ-дан 65 имплант қоюға жетерлік қаражат алған
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 қыркүйек, 2025