Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қайтса екен концерттерін аяқтап»: Ерке Есмахан Дженифер Лопеске қарап "ұялды"

«Қайтса екен концерттерін аяқтап»: Ерке Есмахан Дженифер Лопеске қарап "ұялды"
Сурет: ашық дереккөздерден
Ерке Есмахан декреттік демалысын аяқтағысы келетінін мәлімдеді.

Танымал әнші Ерке Есмахан Алматыда концерт қойған әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің тезірек қайтқанын қалайтынын жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, Дженифер Лопестен кейін декреттік демалысын аяқтағысы келіп кеткен.

«3 баланың анасынан жалынды сәлем! Бұл жолы декретте көп отырмай, тез-тез Ерке Есмахан болуға асығып отырмын. J.Lo да көзді қыздырып әлі жүр. Қайтса екен концерттерін аяқтап. Фигураны ойламай, өзіміз тыныш отырып ет асып жейтін», - деп әзілдеді әнші.

Желі қолданушылары Ерке Есмаханның жазбасына қатысты пікірлер жазып, оны қолдады.

Олар «J.Lo саған қызықсын, Ерке», «ДжейЛо сіздің шаңыңызға ілесе алмас», «ДжейЛоның фигурасын қайтейін, Еркенің әшекейі супер екен», «Біздің J.Lo өзің боп тұрсың ғой» деп жазды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар