«Ол JLO-ның мойнында болды»: Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінде күтпеген оқиға болды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 тамыз, 2025
- 74

Кеше 10 тамызда Алдматыда өткен Дженнифер Лопестің концертінде көпшіліктің есінде қаларлық қызық оқиға болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші концерт басталмай жатып, өз энергиясымен көрермендерін баурап алды. Ол еш тоқтсаусыз билеп, альбомындағы 25 әнін шырқаған.
Бір нөмір кезінде әлемдік жұлдыздың мойнына шегіртке шығып алған. Осы сәт видеоға түсіп қалған. Бірақ Джей Ло оған сабырмен қарап, жай ғана сілкіп тастайды да, әнін ары қарай жалғастырған.
Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Тыңдармандар әншінің мұндай жағдайда сабырлық танытқанына таң қалуда. Кейбіреулері Дженифер Лопестің мойнына қонған шегіркенің бағы жанғанын айтып, қалжыңдады.
Олар "Джей Лоға қолын тигізген жалғыз қазақ", "Шегірткені 1 млн-ға сатамын. Ол JLO-ның мойнында болды", "Тіпті шегіртке Джей Лоның концертіне барды, ал сен бара алмадың", "Джей Лоның мойнында болу үшін шегіртке болуға дайынмын" деп жазды.