
Автобуста ер адамның қыздың жамбасын ұстаған сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Желіде Алматыда ер адамның қоғамдық көлікте қыздың жамбасына қол жүгірткені туралы видео тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Куәгердің түсіріп алған видеосындағы кадрлардан ер адамның қыздың жамбасын бір қолымен ұстап, емін-еркін тұрғанын байқауға болады. Өзін түсіріп жатқанын білсе де ер адам еш қымсынбаған. Қол жүгіртуін ары қарай да жалғастырған.
Куәгерлердің айтуынша, мұны байқаған қыз қорқып, келесі аялдамадан түсіп қалған. Ал ер адам басқа қыздың жамбасын ұстаған.
Келесі мақала