
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның адвокаты апелляциялық шағым түсірді.
1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның адвокаты апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты Арман Дәулетияров растады.
"Иә, апелляциялық шағым түсірдім. Апелляциялық шағымда қылмыс құрамы болмауына байланысты үкімнің күшін жоюды және ақтауды сұрадым", - деді адвокат.
Шағым қашан қаралатыны әзірге белгісіз.
Еске салайық, Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал анасы 7 жылға сотталды. 25 шілдеде шығарылған үкім заңды күшіне енген жоқ.
Келесі мақала