Мәдениет
Алматыда қазақ отбасы Дженнифер Лопестің бас гитаристін қонақ қылып, оған сарқыт салып берді (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 тамыз, 2025
- 43

Джей Лоның бас гитраисті қазақ отбасында қонақ болып, дәм татты.
Дженнифер Лопестің командасындағы бас гитаристі қазақ отбасының үйіне қонақ болыпп, қарапайымдылығымен көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында Бота есімді келіншек бөліскен. Айтуынша, жиені Қайсар Дженнифер Лопестің командасы тоқтаған қонақ үйдің жанында баскетбол ойнап жүріп, бас гитарист Пастор Фанкпен танысып қалған.
«Қайсар оны үйге қонаққа шақырған екен, ол расымен үйімізге келіп, қонақ болды. Қатты таң қалдық. Кетерінде құр қол жібере алмай сарқыт салып жібердік», - деп жазған Бота.
Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әртістің қарапайымдылығына сүйсінуде.