Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Балам сөйлемей қалды”: Оралда ер адам 5 жасар баласына “кәлима үйретемін” деп ұрып-соққан

“Балам сөйлемей қалды”: Оралда ер адам 5 жасар баласына “кәлима үйретемін” деп ұрып-соққан
Сурет: видеодан скриншот
Оралдық ер адам баласын кәлима үйрене алмағаны үшін ұрған.

Оралда 5 жасар баласына кәлима үйретпек болған ер адам оны ұрып-соққан. Бұл туралы бұрынғы әйелі айтып, шағымданды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, қазіргі кезде бала сөйлемейді. Ал әкесі алимент төлеуден қашып, жұмыссыз ретінде тіркеліп алған. 

“Бұл адамнан ортақ баламыз бар. Балама калима үйрету үшін осылай ұрып соғатын. Қазір балам сөйлемейді. Диагнозбен күресіп келеміз. Жалғыз өсіріп отырмын, халықпен бірге емдетіп келемін. Кешегі сотта әкесі баласынан алимент төлемей үшін бас тартуға тырысты. Бар дүниесін жасырып, жұмыссыз боп тіркеліп отыр.

Кеше Оралда алимент жөнінде сот болды, сот соның сөзін сөйлеп тұр жұмыссыз деп.

Баламды емдетуім керек болғасын сотқа арыз бергенмін, өзім пәтер жалдап тұрамын”, - дейді әйел.

Сондай-ақ, ер адам әйелін де таңға дейін ұратын болған. Полицияға жүгінгенімен олар ешнәрсе істей алмаған. Өйткені қайырымдылықпен айналысатын оны бәрі танитын көрінеді. 

“Оның балам екеумізге көрсетпегені жоқ, баламды пылесос қосып бір бөлмеге қамап қоятын, кәлима «Ля́ Иля́ха илля Лла́х, Муха́ммадун — расу́лю-Лла́х.“» деп айтпадың деп, содан соң балам мүлде сөйлемей қойды.

Өзімді де таңғы дейін ұратын, талай полиция қызметкерлері де келіп оған ештеңе жасамаған.

Бұл бұрынғы күйеуімді Оралда бәрі таниды, сыйлайды, құрметтейді өйткені ол қайырымдылықпен айналысады,” - дейді жалғызбасты ана.

Ендігіде әйкл Орал қаласының соты осыны ескеріп қарағанын қалайды. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар