Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда 1,8 млн теңге жалақы алатындардың тізімі жарияланды

Қазақстанда 1,8 млн теңге жалақы алатындардың тізімі жарияланды
Сурет: gov.kz
Ең көп жалақы алатын маман иелері белгілі болды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шілдеде «Enbek.kz» электронды еңбек биржасында ең көп жалақы сұраған жұмыс іздеушілердің тізімін жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ең жоғары жалақыны ұшқыш (орта есеппен 1,8 млн теңгеден), сынақ және жабдықты реттеу бөлімінің бастығы (1,5 млн теңге), IT саласындағы техникалық директор (1,4 млн теңге) мамандары сұраған.

Ал нақты сектор ұсынған ең жоғары жалақыны тау-кен өнеркәсібіндегі учаске басшысының орынбасары (756 мың теңгеден), учаске басшысы (747 мың теңге), бас құрылысшы (668 мың теңге) сұраған.

Шілдеде жұмыс берушілер "Enbek.kz" электронды еңбек биржасында 104,8 мың бос жұмыс орнын орналастырды, бұл маусыммен салыстырғанда 4,6 мыңға (4%) аз. Сонымен қатар бір айда өтініш бергендердің саны 38 мыңға (34%) артты – 147,8 мың түйіндеме жарияланды.

Нақты мамандықтардың ішінде жұмыс берушілер арасында ең көп сұранысқа мейіргерлер (2,2 мың бос жұмыс орны), тәрбиешілер (1,9 мың), автокөлік жүргізушілері (1,8 мың) ие болған.

Шілде айында түйіндемелердің саны барлық аймақта артты. Бұл ретте жұмыс іздеушілердің белсенділігі бірінші кезекте Шымкентте (+54%, 19,6 мың түйіндеме), Қызылорда (+46%, 9,3 мыңға дейін) және Атырау (+38%, 10,4 мыңға дейін) облыстарында айтарлықтай өсті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар