Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда анасы екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секірді: 7 жасар бала жүруді қайта үйренбек

Павлодарда анасы екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секірді: 7 жасар бала жүруді қайта үйренбек
Сурет: t.me/tv24kz_rus
Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберіп, аман қалған баланың біреуі ауруханадан шығарылды.

Павлодарда анасы бір жарым жасар інісімен бірге терезеден лақтырып жіберген бала ауруханадан шықты. 7 жасар ұлды әкесі үйіне алып кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облыстық балалар ауруханасы балаға ұзақ мерзімді оңалту қажет екенін мәлімдеді. Ол ауруханада шамамен екі апта болды, соның ішінде бір тәулікке жуық реанимацияда жатқан.

“2017 жылы туған бала оң динамикамен шығарылды. Жағдайы қанағаттанарлық. Бір ай бойы қатаң төсектік режим сақтау қажет. Кейін тұрғылықты жеріндегі оңалту орталығында бір жылдық оңалту қажет”, – деді Павлодар облыстық балалар ауруханасында.

Дәрігерлердің айтуынша, баланы палатадағы төсегінен медициналық зембілмен алып шыққан.

“Баланың әкесі келіп алып кетті, көлікке дейін зембілмен жеткізілді. Денсаулығына қатысты болжамдар жақсы. Жамбас сүйектерінің жарақатынан кейін жүру дағдысы сақталған, бірақ алғашқы кезде жүрісі тұрақсыз болады, сондықтан ұзақ оңалту қажет”, – деп атап өтті медицина қызметкерлері.

Айтқанда, балаға қайтадан жүруді үйренуге тура келеді. Терезеден екі ұлын лақтырып, артынан өзі секірген ананың жағдайы әлі ауыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар