Шымкентте әкімдік ғимаратынан шыққан өрт сөндірілді.
Шымкентте Абай ауданы әкімдігінің ғимараты өртенді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
14 тамызда сағат 03:19-да 112 қызметіне әл-Фараби ауданы Тәуке хан даңғылы №3 мекен жайда орналасқан әкімшілік ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
"Өрттің жалпы көлемі 1200 шаршы метр болды. Өрт сағат 04:58-де оқшауланып, 05:27-де толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 21 техникасы мен 88 қызметкері, апаттар медицинасы орталығынан 1 техника және 3 маман, жергілікті атқарушы органдардан 2 техника және 2 қызметкер жұмылдырылды.
Келесі мақала
Қазақстанда доллар 600 теңгеге дейін жетуі мүмкін
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
28 наурызда Қазақстанның бірнеше өңірінде жауын жауып, найзағай ойнайды
- авторkyn.kz
- 28 наурыз, 2026
Қоғам
Мектеп психологы: Әр ата-ана өз баласының психологиясын тани білуі керек
- авторkyn.kz
- 27 наурыз, 2026




