Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Енді ол маған хабарласпайды»: Арман Жұмагелдиевтің әйелі жазба қалдырды

«Енді ол маған хабарласпайды»: Арман Жұмагелдиевтің әйелі жазба қалдырды
Сурет: ratel.kz
Арман Жұмагелдиевтің әйелі өмірден өткен енесін еске алды.

20 жылға бас бостандығынан айырылған Арман Жұмагелдиевтің әйелі енесі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Жақында ғана сотталушының анасы дүниеден озған еді. 

“Мына видеода апам, Арман және Мариям, Медина қызым төртеуіміз едік. Бұл сол сәтте түсіріп үлгерген менің ең сүйікті видеоларымның бірі. Біз өте бақытты едік. Үлкен үй сатып аламыз, сол жерде қызымызды бірге өсіреміз деп армандаушы едік. Алла бізге аз сынақ бермеді. Енемді өте жақсы көрдім. Енем менің қорғаным болатын. Қиын сәтте әрдайым қолдайтын. Менің қабырғам еді ғой. Қабырғамның құлағанына сене алмаймын. Оны енді бұрынғыдай құшақтай алмаймын. Бұрынғыдай Мариям екеуімізді есік алдында енді күтіп алмайды. Тіпті ол енді маған хабарласпайды. Мұны мен әлі қабылдай алмай жатырмын. Енемнің денесін өзім жудым. Жас сәбидей иісі аңқып тұрды. Жұма күні кетті. Ол шейіт болды деп үміттенемін”, – деп жазды.

Еске салсақ, Арман Жұмагелдиев 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты 20 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар