Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өлтір!»: сотта Руслан Берденовке жасалған қастандықтың тағы бір видеосы көрсетілді (ВИДЕО)

«Өлтір!»: сотта Руслан Берденовке жасалған қастандықтың тағы бір видеосы көрсетілді (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Шымкент сотында Руслан Берденовке жасалған қастандықтың тағы бір видеосы көрсетілді.

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында шабуыл жасау кезінде бейнекамераға түсіп қалған тағы бір видео көрсетілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпара агенттігі.

Видеодан күзетшілердің шабуыл кезінде қандай шара қолданғандарын көруге болады. Олардың бірі бірден полицияға хабарласқан.

Бейнежазбадан қарудың дыбысымен бірге “Өлтір!” деген дауысты естуге болады.

Айта кетсек, алғашқы сот отырысында айыпталушы Ернар Жиенбай әкімнің орынбасарын тек қорқытпақ болғанын айтқан болатын. Бірақ өзге біреудің “Өлтіру керек” деген сөзін естігенін де жеткізген еді.


Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар