Тарихи саммит: Тоқаев Аляскадағы кездесуге қатысты пікір білдірді
- автор kyn.kz
- 16 тамыз, 2025
- 845
Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды, деп жазды KYN.KZ тілшісі sputnik-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды", - делінген мәлімдемеде.
Желдібайдың жазуынша, олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті.
Айта кетері, Аляскада Ресей мен АҚШ президенттері Путин мен Трамп келіссөз өткізді.
Көшбасшылардың кездесуі Анкоридж қаласындағы Эльмендорф-Ричардсон әскери базасында өтті.
Шағын құрамдағы келіссөз "үште үш" форматында өтіп, екі сағат 45 минутқа созылды.
Кездесуге Ресей тарапынан Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков қатысты. АҚШ тарапынан мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен америкалық лидердің арнаулы өкілі Стивен Уиткофф болды.
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




