Алматыда өткен Дженнифер Лопестің концертінен қанша табыс түскені белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 тамыз, 2025
- 695
Алматыда 1 тамызда өткен Дженнифер Лопестің концертіне 27 мың көрермен жиналып, 10 млрд теңге табыс түскен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматы әкімдігінің ведомство қорытындысы бойынша қаланың Орталық стадионда өткен Дженнифер Лопестің шоуына 27 мың көрермен қатысқан, оның 7 мыңы 35 елден келген қонақтар.
Әкімдік мәліметіне сәйкес, экономикалық тұрғыдан келген табыс 10 млрд теңгеден астам айналым, шамамен 600 млн теңге салық түскен. Концерт күні Алматыда шетелдік туристердің өзі 5 млрд теңгеден астам қаржы қалдырды.
"Дженнифер Лопес тобы концерттің ұйымдастырылуын жоғары бағалады. Әншінің турының бас режиссері мен техникалық директоры Григорий Антропов Алматыдағы дайындық жұмыстары барлық қаланың ішінде ең үздігі болғанын атап өтті.
Мұндай ірі мәдени іс-шаралар Алматының туристік тартымдылығын арттырып, қаланың әлемдік гастрольдер картасындағы маңызды нүкте ретіндегі мәртебесін нығайтады", - деп қосты әкімдік өкілдері.
Трамп Путинмен кездесуден кейін сұхбат берді
Ұқсас жаңалықтар
"Шаршамай еңбек еттім": Жұлдыз Әбдукәрімова анасына пәтер сыйлады
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2025




