Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Журналиске тілін шығарды: судьяның үстінен тексеру жүргізіледі

Журналиске тілін шығарды: судьяның үстінен тексеру жүргізіледі
Сурет: видеодан скриншот
Шымкент судьясының тілін шығарғаны үшін тексеріс басталады.

Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиембайдың ісінде журналистке тілін шығарған Шымкент судьясының үстінен тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот отырысында судья Әбинұр Қарабаевтың журналистке тілін шығарған видеосы тараған болатын. Осыған байланысты судьяның іс-әрекетіне қатысты тексеріс басталды.

«Төрағалық етуші судья Әбинұр Қарабаевтың Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жасалған қастандық туралы қылмыстық істі қарау кезіндегі әрекеттері судьялық әдеп кодексінің бұзылуына  қатысты тексеруге жатады», – делінген сот баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Судьяның теріс қылық жасау фактісі расталған жағдайда материалдар Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриіне жіберілетін болады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар