«Таза Қазақстан»: семейліктер «Таза ауыл» акциясына қатысуда
- автор kyn.kz
- Бүгін, 18:28
- 64

Екі айлық аясында негізгі іс-шаралар атқарылды, енді көгалдандыру, абаттандыру және аумақтарды тазарту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Ресми мәліметке сәйкес, 5 сәуір мен 31 мамыр аралығында экологиялық және санитарлық екіайлыққа облыстың 200 мыңнан астам тұрғыны қатысып, 4 мыңнан астам техника мен 10 мыңнан астам ұйым жұмылды. Осы уақыт аралығында өңірлік полигондарға 40 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал облыс аумағындағы қалалар мен ауылдарда 57 мың ағаш отырғызылды.
"2024 жылдан бастап, еліміз бойынша мемлекет басшысының бастамасымен Таза Қазақстан экологиялық бағдарламасы өз бастауын алған болатын. Бағдарламаны іске асыру аясында республикамыздың үкіме қауысымен 2024-2029 жылдарға арналған Таза Қазақстан міндетті тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында өңірлік Таза Қазақстан экологисының мәдениетін дамыту схема жоспары өңірлік бекітілген болатын, аталған схема жоспары 44 іс-шараны қамтиды, оның 32 қазіргі таңға 2025 жылға жоспарланған. Қазіргі таңда 16 іс-шара іске асырылды, оның 2-ұзақ мерзімге болып табылады. Қазіргі таңда осы қамтылған іс-шараның барлығы өз уақытында және толық көлемде орындалуда",-деді Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Бекболат Мұратов.
Осындай бастамалардың қатарында — "Таза ауыл" және "Үлгілі ауыл" акциялары бар. Олардың мақсаты — аймақтың ең таза аулалары мен ауылдарын анықтау. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.
"Тұрғындарының үлесі жоғары деп айтуға болады. Барлық тұрғындар активный үлесін қосып жатыр, ешкім шетте қалып жатқан жоқ. Жеке кәсіпорындар да өз үлесін қосып жатыр, яғни қазіргі таңда осы акцияға, биылғы жылы 10 мыңнан астам ұйым өздерінің үлесін қосып, қатысқан болатын. Олар өз ауласындағы тазарту жұмыстарын жүргізіп және жасыл желекті жұмыстарын жүргізді",- Абай облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Бекболат Мұратов.
Мәселен, Чехов көшесі, 90 мекенжайы. Жергілікті тұрғындар маңайды тазартып, «Таза аула» акциясына атсалысуда.
"Енді, біз осындай акцияға қатысып отырмыз Таза аула деген, Чехова 90 көшесі. Біздің тұрғындар ауызбіршілігіміз бірге, әрбір сенбі сайын тазалыққа шығатынбыз, шығамыз, қазір де",-деді Чехов көшесі, 90 үйдің тұрғыны Әйгерім Саниязова.
"Таза Қазақстан" акциясы 2029 жылға дейін жалғасады. Алдағы уақытқа жоспарланған шаралар бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл науқан экологиялық тазалық жолында көпшілікті біріктірген үлкен қозғалысқа айналды.