Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Руслан Берденовке қастандық жасау: айыпталушы сотта соңғы сөзін айтты

Руслан Берденовке қастандық жасау: айыпталушы сотта соңғы сөзін айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Сотталушы жәбірленушіден кешірім сұрады.

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша күдікті болып танылған Ернар Жиембай сотта соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сотталушы соңғы сөзінде жәбірленуші мен барша қазақстандықтардан кешірім сұрап, соттан әділ шешім шығаруын өтінді.

Ернар Жиембай кінәсін ішінара мойындағанымен, қылмыстың өздігінен бола салмағанын ескеруін сұрады. Сараптама нәтижесі бойынша ол ақыл-есі дұрыс деп танылған. Сол себепті күдікті еш себепсіз өзі келіп, адамға оқ жаудырмайтынын жеткізді.

Сондай-ақ сотталушы тергеу кезінде берген жауаптарын растап, бұл жағдайдың саясатқа еш қатысы жоқ екенін айтты.

Ернар Жиембай бұл оқиға өзіне аса ауыр өмірлік сабақ болғанын жеткізді. Сөзінше, қазіргі уақытта әкесі сырқаттанып қалған. Күдікті отбасының жалғыз асыраушысы болғанын айтып, екі кішкентай ұлы бар екенін ескеруін өтінді.

"Отбасым мен балаларымды ойласам жүрегім ауырады. Мен шынымен қатты өкінемін", - деді сотталушы.

Күдікті уақытты артқа қайтара алса, мұндай әрекетке бармайтынын айтты.

Қастандық туралы іс бойынша сот үкімі ертең, 20 тамызда сағат 12:00-де шығады

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар