Қоғам
Астанада көлік тізгіндеген 7 жасар бала жол апатына түсті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:04
- 57

Астанада бала ауласында көлік айдаймын деп, басқаларды соқты.
Астанада жеті жасар бала көлік жүргізіп жол-көлік оқиғасын тудырды. Ол аулада тұрған автокөліктерге соғылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бала ата-анасының көлігінің кілтін алып, машинаны оталдырған. Полиция бала мен оның ата-анасының жеке басы анықталғанын хабарлады.
«Ата-аналарға өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Полиция ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне назар аударуды, көлік құралдарының кілттерін және өзге де қауіпті заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді», – деді Астана қаласы полициясы.
Келесі мақала