Абай облысында көлік жүргізушісі үш баланы қағып өлтірді: арнайы комиссия құрылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 тамыз, 2025
- 552
Абай облысының Үржар ауданында болған жол апатына байланысты арнайы комиссия жұмысқа кірісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өңірлік әкімдік қаза тапқандардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және психологиялық, материалдық көмек берілетінін мәлімдеді.
«Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасарының үйлестіруімен арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Жағдай ерекше бақылауда», — деді әкімдік өкілдері.
Айта кетсек, 19 тамыз күні Үржар ауданының Бестерек ауылында көлік жүргізушісі үйдің ауласында отырған бір топ баланы қағып кетті. Полиция дерегінше, Toyota маркалы автокөлікті тізгіндеген 55 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы біреуі ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Үш бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда мұнай компаниясына 474 млн теңге айыппұл салынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 20 мамыр, 2026




