Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Абай облысында көлік жүргізушісі аулада отырған бір топ баланы қағып кетті: үш бала көз жұмды

Абай облысында көлік жүргізушісі аулада отырған бір топ баланы қағып кетті: үш бала көз жұмды
Сурет: osnmedia.ru
Абал облысында жүргізуші аулада ойнап отырған балаларды қағып кетті.

Абай облысы Бестерек ауылында Toyota автокөлігін тізгіндеген жүргізуші үйдің ауласында ойнап отырған бір топ баланы қағып кетті. Салдарынан үш бала көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 19 тамыз күні сағат 16:00 шамасында болған. Балалар жол жиегінен 10 метр қашықтықта отырған.

55 жастағы көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Жол-көлік оқиғасы кезінде ер адам мас болмаған. Жол апатының салдарынан екі бала көз жұмып, тағы біреуі ауруханаға бара жатқан жолда қаза тапқан. Үш бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 

“Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Үржар аудандық полиция департаменті.

Президенттің тапсырмасымен Абай облысына Қорғаныс министрлігінің ұшағы аттанды. Ұшақ бортында реаниматолог, нейрохирург және травматолог дәрігерлер бар.

Абай облысының әкімі Берік Уәли қаза тапқан балалардың отбасыларына қажетті көмек пен қолдау көрсетуді тапсырды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар