Абай облысында жүргізушісі балаларды қағып кетті: зардап шеккен қыздың миына ота жасалып жатыр
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:12
- 36

Абай облысы Үржар ауданындағы Бестерек ауылында жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, екі баланың жағдайы тұрақты. Ал біреуі ауыр хәлде жатыр.
"Стационарда зардап шеккен үш бала бар, олардың біреуінің жағдайы өте ауыр, қалған екеуінің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланған. Пациенттер жағдайының ауырлығы алынған жарақаттарға байланысты. Балаларда бассүйек-ми жарақаттары, тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалардың жарақаттары диагнозы қойылған", - дедінген хабарламада.
Балалардың жағдайы тұрақталғаннан кейін оларды Астанаға әуе бортымен тасымалдау мәселесі шешілетіні айтылды.
"Пациенттердің біріне дәрігерлер бригадасы қазір миға күрделі нейрохирургиялық операция жасалып жатыр, ішкі ағзалардан қан кету тоқтатылды", - делінген.
Еске салсақ, 19 тамыз күні Бестерек ауылында Toyota автокөлігін тізгіндеген жүргізуші үйдің маңында, жолдан 10 метр қашықтықта ойнап жүрген балаларды қағып кеткен. Екі бала оқиға орнында, тағы біреуі ауруханаға барар жолда қаза тапты. Үш кәмелетке толмаған бала әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.