Қоғам
“Жанында анам отырған”: Үржарда алты баланы басып кеткен жүргізушінің ұлы кешірім сұрады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:34
- 935

Абай облысында алты баланы қаққан жүргізушінің ұлы марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрады.
Абай облысының Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында алты баланы басып кеткен жүргізушінің ұлы кешірім сұрады. Айтуынша, әкесінің жүрек талмасы ұстап қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.
55 жастағы жүргізушінің ұлы Ерқанат Серікұлы оқиға кезінде әкесінің жанында анасы отырғанын айтты.
«Көлікте келе жатқанда жүрек талмасы ұстаған. Сол кезде рульге ие бола алмай қалған. Жанында анам отырған. Оқыс жағдай әрі өте қайғылы жағай. Бәрі қас-қағым сәтте болған. Қаза тапқан балалардың жақындарынан кешірім сұраймын. Бәріне көңіл айттық. Бұндай сынақты ешкімнің басына бермесін», - дейді ол.
Жүргізушінің балалары әкесінің 20 жыл автобус жүргізгенін айтады.