Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Мені тастамаңызшы”: Әнару Құрманәлі Жанқош Тұраровтан көрген қорлығын айтып, жанайқайын жеткізді

“Мені тастамаңызшы”: Әнару Құрманәлі Жанқош Тұраровтан көрген қорлығын айтып, жанайқайын жеткізді
Сурет: фото коллаж KYN.KZ
Әнару Құрманәлі көрген қорлықтарын дәлелдейтін суреттер мен видеолар бар екенін айтты.

Композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару Қалдыбек боксшы Жанқош Тұраровтан көрген қорлықтарын айтып, тағы да жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы әлеуметтік желіде жазды. 

«7 жыл бойы мен осы адамнан қорлық көрдім. Мені барлық жағымнан қорлап, бопсалап, қорқытып ұстап келеді. Жетім деп басыма мінді.

Әйелі екіқабат болған екен, мен пәкпін, баламын. Оның үйлі екенін де білмей, сеніп араласқан едім. Әйелі қыз туғаннан кейін маған көңіл бөліп, мені маңайлап жүрген екен. Сұмпайы араласа келе қалай оның зорлығына тап болғанымды түсінбей қалдым», – деп жазды Әнару.

Ол бұл іске әкесін де араластырғысы келмегенін айтты. Бірақ өмірінің тас-талқаны шыққанын жеткізді.

«Әке, Сізден басқа қорғаным жоқ. Мені тастамаңызшы. Мен әлсізбін. Осындай алаяқтардың жемтігі қылмаңыз. Сізден басқа қорғанышым жоқ. Сенерім – Алла мен Сіз ғанасыз», – деп жазды.

Сонымен бірге ол өзінің қолында көрген қорлықтарын дәлелдейтін суреттер мен видеолар бар екенін айтты.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар