“Мешітте неке қию деген үрдіс болмаған”: Қарақат Әбілдина тұрмысқа шыққан сәтін еске алды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:38
- 235

Танымал әнші Қарақат Әбілдина тұрмысқа шыққан сәтін еске алып, жыл сайын атап өтетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ
Айтуынша, Қыдырәлі Болманов екеуінің осыдан 20 жыл бұрын үйлену тойы болған.
“Біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Дәл осы 20 тамыз күні ақ некеміз қиылып, жаңа өмірге қадам басқан едік.
Инстаграм болмаған шақта да бұл күн елеусіз қалған емес, жыл сайын шүкіршілікпен еске аламыз.
Былтыр күміс тойымызды атап өттік білесіздер. Тойдың ерекше сәті алғаш некемізді қиып, батасын берген Лесбек қажының ширек ғасырдан кейін бақыт тойымыздың тағы да куәсі болып, ортамызда болғаны еді”, - деп жазды.
Айтуынша, сол уақытта мешітте неке қию үрдісін алғаш болып өздері бастаған.
“Біз үшін үлкен қуаныш, терең мәні бар сәт. Міне, сол алғашқы сәт пен былтырғы күміс тойымыздан шағын естелік видеосын бөлісіп отырмын. Қарап отырып, бір сәтке, сол жылдарға қайта оралғандай болдым. Әр шаңырақ мешітте Алланың разылығы үшін ақ некемен басталуы тиіс. Бірақ біздің заманда мешітте неке қию деген үрдіс болмаған. Біз алғаш бастаған сол ізгі жолдың кейін қалыпты дәстүрге айналғанын көру өз алдына бір қуаныш”, – деп жазды әнші.