Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақтарды "мамбеттер" дегені үшін екі айға қамалған қарағандылық қыз бостандықта жүр: полиция жауап берді

Қазақтарды "мамбеттер" дегені үшін екі айға қамалған қарағандылық қыз бостандықта жүр:  полиция жауап берді
Сурет: видеодан скриншот
Полиция екі айға қамауға алынған қарағандылық қыздың бостандықта жүргені туралы айтты.

Threads желісінде ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін қамауға алынған қарағандылық қыздың бостандықта жүргені туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты полиция жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының полиция департаменті қарағандылық күдіктіге қатысты желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторында жатыр, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқан адамдар анықталып жатыр. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар