Бестеректегі қайғылы оқиға: балаларды қағып кеткен жүргізуші адамдарды танудан қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 тамыз, 2025
- 1.7k
Абай облысының Бестерек ауылында балаларды қағып кеткен Toyota көлігінің жүргізушісі ұстамасынан кейін адамдарды танымай қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Жетінші арна жаңалықтарына сілтеме жасап.
55 жастағы ауыл тұрғыны 20 жылдан астам уақыт автобус жүргізушісі болып істеген. Қайғылы оқиға болған күні оның ұстамасы ұстап, рөлді басқара алмай қалған.
“Денсаулығы ауыр, бірақ қамауда отыр. Ол адамдарды танымай қалды, себебі ұстама болды. Ұстамадан кейін рөлді ұстай алмай қалды, жанында анасы болған. Барлығы бір сәтте болды – қайғылы жағдай. Біз көңіл айтамыз. Кешірім сұраймыз”, – деді жүргізушінің ұлы Ерқанат Серікұлы.
Осы уақытта Үржар ауданында жол апатынан қаза тапқан үш балаға соңғы құрмет көрсетілді. Бір отбасының екі қызын Жарма ауданының Жаңғызтөбе ауылында жерледі. Екі жасар Нурадилди – Елтай ауылында жер қойнына тапсырды. Жаназаға туыстары, ауыл тұрғындары және әкімдік өкілдері жиналды.
Ал бір ана кенже ұлын соңғы сапарға шығарып сала алмады – ол қазір Астанада жол апатынан жарақат алған екі баласының жанында. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр, балалар жансақтау бөлімінде. Тағы бір 9 жасар қыз аудандық ауруханада қалып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Синоптиктер 2026 жылдың алғашқы айына арналған ауа райы болжамын ұсынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025
Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025




