Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

1 қыркүйектен бастап балабақша мен мектепте қауіпсіздік сабақтары өтеді

1 қыркүйектен бастап балабақша мен мектепте қауіпсіздік сабақтары өтеді
Сурет: nova24.uz
Еліміздегі барлық мектептерде қауіпсіздік сабақтары өтіледі.

1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық балабақшасы мен мектебінде жеке қауіпсіздік сабақтары қайта басталады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қауіпсіздік сабақтары балабақшадан бастап колледжге дейін білім берудің барлық деңгейін қамтиды. Әр жас ерекшелігіне бөлек блок әзірленген:

  • балабақша — шұғыл қызмет нөмірлерін білу, ойын және демалыс алаңдарындағы қауіпсіздік ережелері;
  • бастауыш сыныптар — судағы және мұздағы қауіпсіздік, бейтаныс адамдармен кездескенде өзін ұстау, қаңғыбас иттерден қорғану;
  • орта буын сыныптары — буллинг пен кибербуллинг, қауіпті интернет-қызығушылықтары, бейтаныс адамдардың ұсыныстарынан бас тарту, өз іс-әрекетіне жауапкершілік қалыптастыру;
  • жоғары сыныптар мен колледждер — қаржылық сауаттылық, алаяқтардан қорғану, онлайн-ойындардағы тәуекелдер, еңбек қауіпсіздігі, өз құқықтары мен міндеттерін білу, жеке әрекеттері үшін жауапкершілік.

«Тәжірибе көрсеткендей, мұндай сабақтар балалардың мазасыздығын төмендетіп, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады және оларды өмірдегі, онлайн ортадағы күрделі жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретеді», – дейді Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Сабақ апта сайын сынып сағаты аясында 10 минутқа созылады және тақырыптар жылына үш рет қайталанады.

Айта кетері, жеке қауіпсіздік сабақтары 2023–2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар аясында енгізілген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар