Мәдениет
«Үйтпе, бүйтпе деп айтады»: Алтынай Жорабаева ата-аналарға ескерту жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 тамыз, 2025
- 779
Алтынай Жорабаева өзгелерге қалай өмір сүруді үйрететіндерге ренжіді.
“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева ата-аналарға ескерту жасады, KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі көпшілікке деген ренішін жеткізді.
"Ұл-қыз өсіріп отырып, неге біреудің өмірін талқылайды екен, көп жандар? Үйтпе, бүйтпе деп айтады. Негізі, не салғысы келетінін әркім өзі біледі деп ойлаймын. Қалай өмір сүргісі келеді? Не айтқысы келеді? Өз стандартыңызбен талап етпеңіз! Әр адам өзінің қалауымен, тәрбиесімен өмір сүреді. Себебі сіз қаншалықты мінсізсіз?! Айналаңызға, отбасыңызға, туған-туысыңызға зер салып қойыңызшы", – деп жазды әнші.
Желі қолданушыларының көпшілігі әншіні қолдап, оның сөзімен келісті.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
Ең көп кітап оқыған алматылық оқушы: Кітап – менің өмірімді өзгерткен әлем
- авторkyn.kz
- 21 мамыр, 2026




