Қоғам
БҚО-да екі әйел пойыздың астында қалды: біреуі қаза тапты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:05
- 1

Пойыз екі әйелді қағып кетті.
Қоршунова – Өскемен-1 аралығында (Өскемен-1 – Риддер учаскесі) 22 тамыз күні сағат 10:20 шамасында қайғылы жағдай орын алды. Екі әйелді пойыз қағып кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Пойыз машинисі теміржол бойында екі әйелді байқап, жедел тежеу қолдануға мәжбүр болды. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, соқтығыстың алдын алу мүмкін болмады.
«Оқиға салдарынан бір әйел ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Екінші зардап шеккен әйелге медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады «ҚТЖ» компаниясында.
Компания өкілдері теміржолдың қауіпті аймақ екенін ескертіп, жол бойында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін еске салды.