Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағанды облысында пойыз апатты жағдайда тоқтады: жолаушылар зардап шекті

Қарағанды облысында пойыз апатты жағдайда тоқтады: жолаушылар зардап шекті
Сурет: Lada.kz
Қарағанды облысында пойыз жүк көлігімен соқтығыса жаздады.

Жезқазған – Астана бағытында келе жатқан №107 жолаушылар пойызы апаттық жағдайда шұғыл тоқтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

24 тамызда сағат 21:38-де 12 шақырым жылдамдықпен келе жатқан машинист жолда тұрған жүк вагонын байқап, оған 300 метр қалғанда шұғыл тежегішті басқан. 

“Қазақстан темір жолы” АҚ-ның мәліметінше, пойыз жүк вагонымен соғылып қала жаздаған. Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ, бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алды. 

“Сағат 23:14-те пойыз орнынан қайта қозғалды. Теміржол инфрақұрылымы мен локомотивке зақым келген жоқ. Оқиғаның себебі тексеріліп жатыр. Жағдайды анықтау үшін оқиға орнына басқарма төрағасының орынбасары бастаған комиссия барды”,  – деп мәлімдеді “Қазақстан темір жолы” АҚ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар